Негізгі мазмұнға өтіңіз
Қазақстандағы Bosch

Деректерді қорғау саясаты

«Роберт Бош» ЖШС компаниясының Құпиялылық туралы ережесі

«Роберт Бош» ЖШС компаниясы (мұнда және бұдан әрі «Bosch», «Біз» немесе «Бізге/Бізді» деп аталатын) біздің сайттарға келіп, мобильді қолданбаларды («онлайн-ұсыныс» деп аталатын) қолданғаныңыз үшін, сондай-ақ біздің компанияға және өнімдерге қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет айтады.

 

1. Bosch сіздің деректеріңіздің құпиялығына қатысты міндеттерін орындайды

Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу кезінде құпиялықты қорғау, сондай-ақ барлық коммерциялық ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз қызметімізде сақтайтын негізгі талап болып табылады. Біз сіздің онлайн-ұсыныстарды келіп қараған кезде алған дербес деректеріңізді құпиялықты сақтай отырып және заңнамалық нормаларға сәйкес өңдейміз.

Деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік біздің корпоративтік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады.

 

2. Жауапкершілік

Bosch компаниясы сіздің деректеріңізді өңдегені үшін жауапкершілік көтереді; ерекшеліктер деректерді қорғау туралы осы ескертуде белгіленген.

Төменде байланыс ақпарат берілген:

Robert Bosch GmbH
Robert-Bosch-Platz 1
70839 Gerlingen-Schillerhöhe

Электрондық пошта: kontakt@bosch.de
Телефон: +49 711 400 40990

 

3. Дербес деректерді жинау, өңдеу және пайдалану

3.1 · Өңделетін деректердің санаттары

Байланыс деректері өңделеді (мысалы, ТАӘ, телефон нөмірі, электрондық пошта адресі, пошталық мекенжай, IP-адрес).

3.2 · Деректерді өңдеу қағидаттары

Дербес деректер сәйкестендірілген немесе сәйкестендірілетін жеке тұлғаға қатысты ақпарат болып табылады, мысалы, ТАӘ, пошталық мекенжайлар, телефон нөмірлері немесе электрондық пошта адрестері, келісім-шарттардың негізгі деректері, келісім-шарттарды есепке алу және адамның сәйкестігін білдіретін төлем деректері.

Біз жеке деректерді (оның ішінде IP-адрестерді) ол үшін нормативтік-құқықтық негіз немесе, мысалы, тіркеу кезінде берілген оларды өңдеуге сіздің келісіміңіз бар болған жағдайда ғана жинаймыз, өңдейміз және пайдаланамыз.

3.3 · Өңдеу мақсаттары және құқықтық негіздер

Біз және біздің уәкілетті қызметтер жеткізушілеріміз сіздің дербес деректеріңізді келесі мақсаттарда өңдейміз:

3.3.1 · Осы онлайн-ұсынысты беру үшін

  • Құқықтық негіз: егер бұл деректерді қорғау жөніндегі заңнаманың және бәсекелестікті қорғау туралы заңның нормаларына сәйкес жүзеге асырылса, көбінесе тікелей маркетингке негізделген біздің қызығушылығымыз.

3.3.2 · Кері байланыс нысаны шеңберіндегі пайдаланушылардың сұрауларына жауап ретінде

  • Құқықтық негіз: егер бұл деректерді қорғау жөніндегі заңнаманың және шарт пен келісімді орындауға қатысты бәсекелестікті қорғау туралы заңның нормаларына сәйкес жүзеге асырылса, біздің қызығушылығымыз көбінесе тікелей маркетингтен, сондай-ақ өнімдер мен қызметтерді жақсартудан тұрады.

3.3.3 · Нақты чат шеңберіндегі пайдаланушылардың сұрауларына жауап ретінде

  • Құқықтық негіз: бұл деректерді қорғау жөніндегі заңнаманың және бәсекелестікті қорғау туралы заңның нормаларына сәйкес жүзеге асырылған жағдайда, біздің тікелей маркетингке және өнімдеріміз бен қызметтерімізді жақсартуға көбінесе негізді қызығушылығымыз.

3.3.4 · Қызмет көрсетудегі, сондай-ақ қауіпсіздікті ойластыру жағынан іркілістерді жою

  • Құқықтық негіз: деректерді қорғау саласындағы, сондай-ақ ұсыныстарымызды қорғаудағы заңды міндеттемелерімізді және қызмет көрсетудегі іркілістерді жоюдағы заңды мүддені орындау.

3.3.5 · Біздің өзіміздің жарнамамыз және үшінші тұлғалардың жарнамасы, сондай-ақ нарықты зерттеу және пайдаланушылардың рұқсаты берілген деректерге қатысты заңнамада рұқсат етілген көлемге сәйкес аудиторияның қамтылуын өлшеу.

  • Құқықтық негіз: деректерді қорғау туралы заңнаманың және бәсекелестікті қорғау туралы заңның нормаларына сәйкес жүзеге асырылған жағдайда, келісім немесе біздің тарапымыздан тікелей маркетингке басым негізді қызығушылық.

3.3.6 · Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтарымызды қорғау

  • Құқықтық негіз: біздің тарапымыздан құқықтарымызды жақтау және қорғау бойынша негізді мүддеміз.

3.4 · Тіркеу журналының файлдары

Сіз Интернетті пайдаланған әр кезде белгілі бір ақпарат сіздің Интернет-браузеріңізден автоматты түрде тапсырылып тұрады және біздің тіркеу журналы файлдары дегенде сақталады.

Біз тіркеу журналы файлдарын жұмыстағы бұзушылықтарды анықтау үшін және қауіпсіздік мақсатында (мысалы, бұзу әрекеттерін тергеу үшін) 7 күн ішінде сақтаймыз, содан кейін оларды жоямыз. Егер дәлелдемелердің болуын қамтамасыз ету үшін тіркеу журналы файлдарын одан әрі сақтау қажет болса, бұл деректер тиісті оқыс оқиғаның түпкілікті нақтылануына дейін жойылмайды және кейбір жағдайларда тергеу органдарына берілуі мүмкін.

Тіркеу журналы файлдары (толық IP-адрессіз немесе олсыз) 3.3.5 «Біздің өзіміздің жарнамамыз және үшінші тұлғалардың жарнамасы, сондай-ақ нарықты зерттеу және пайдаланушылардың рұқсаты берілген деректерге қатысты заңнамада рұқсат етілген көлемге сәйкес аудиторияның қамтылуын өлшеу» бөлімінің міндетті талабы болып табылады, олар да деректерді талдау мақсатында пайдаланылады.

Тіркеу журналы файлдарында, мысалы, келеіс ақпарат сақталады:

  • Онлайн-ұсынысқа қол жеткізу жүзеге асырылатын түпкілікті құрылғының IP-адресі (Интернет-хаттаманың адресі);
  • Онлайн-ұсынысқа қол жеткізу жүзеге асырылған сайттың Интернет-адресі (шығыс парақтың URL-адресі немесе referrer);
  • Онлайн-ұсынысқа қол жеткізу жүзеге асырылатын қызметтер жеткізушісінің атауы;
  • Шығарып алынған файлдардың немесе ақпараттың атауы;
  • Қол жеткізудің күні мен уақыты, ұзақтығы;
  • Берілген деректердің көлемі;
  • Операциялық жүйе және пайдаланылатын Интернет-браузер туралы ақпарат, соның ішінде толықтырулар (мысалы, Flash Player ойнатқышы үшін);
  • http хаттамасы бойынша жағдай коды (мысалы, «Сұрау сәтті болды» или «Сұралған файл табылған жоқ»).

3.5 · Балалар

Бұл онлайн-ұсыныс 16 жасқа толмаған балаларға тарамайды

3.6 · Деректерді тапсыру

3.6.1 · Деректерді басқа жауапты тараптарға тапсыру

Біз сіздің дербес деректеріңізді шартты орындау үшін қажет болған жағдайда ғана басқа жауапты тұлғаларға береміз; біздің немесе үшінші тараптың деректерді тапсыруға негізді мүддесі бар немесе сіз бұған келісіміңізді берген болсаңыз. Құқықтық негіздер туралы толық ақпарат «Өңдеу мақсаттары және құқықтық негіздер» бөлімінде (3.3-тармақты қараңыз).

Сонымен қатар, деректер нормативтік актілер негізінде немесе мемлекеттік органдардың ұйғарымын немесе сот шешімін мәжбүрлі орындауға байланысты жасауға міндетті екендігімізге сәйкес басқа жауапты тұлғаларға берілуі мүмкін.

3.6.2 · Деректерді қызмет жеткізушілерге тапсыру

Біз сату және маркетинг қызметтері, келісімшарттарды басқару, төлемдерді өңдеу, бағдарламалау, деректерді сақтау, «жедел желі» қызметтері сияқты міндеттерді орындауды сыртқы қызмет жеткізушілеріне тапсырамыз. Біз бұл қызмет жеткізушілерін аса мұқият таңдадық және олардың қызметін, атап айтқанда, деректермен ұқыптылықпен жұмыс істеуі мен олардағы деректердің қорғалуына қатысты жүйелі түрде бақылап отырдық. Барлық жеткізушілер құпиялықты сақтауға және заң талаптарын сақтауға міндетті. Қызмет жеткізушілері Bosch тобына кіретін басқа компаниялар болуы мүмкін.

3.6.3 · ЕЭА тыс алушыларға деректерді тапсыру

Біз дербес деректерді ЕЭА тыс, үшінші елдер деп аталатын алушыларға бере аламыз. Мұндай жағдайларда деректерді тапсыру алдында біз алушының деректерді қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуін немесе тапсыруға келісім бергеніңіздің болғанына кепіл боламыз. Сіз үшінші елдерден алушылар туралы жалпы мәліметтерді және деректерді қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін арнайы келісілген ережелердің көшірмесін сұрай аласыз. Ол үшін «Байланыс ақпараты» бөліміндегі нысандарды пайдаланыңыз (13-тармақты қараңыз).

3.7 · Деректерді сақтау ұзақтығы, сақтау мерзімдері

Қағидаларға сәйкес, біз сіздің деректеріңізді онлайн-ұсынысымызды және оған қатысты қызметтерді беру үшін қажет уақыт ішінде немесе әрі қарай сақтауға негізді мүддеміз болғанша сақтаймыз (мысалы, шартты орындағаннан кейін бізде тікелей маркетингті жүзеге асыруға деген негізді қызығушылығымыз әлі де болуы мүмкін). Барлық басқа жағдайларда біз сіздің дербес деректеріңізді жоямыз, заңдық міндеттемелерімізді орындау үшін сақтауға міндетті деректерді қоспағанда (мысалы, коммерциялық және салықтық құжаттаманы сақтау мерзімдеріне сәйкес, біз келісім-шарттар және шот-фактуралар сияқты құжаттарды белгілі бір уақыт ішінде сақтауымыз керек) .

4. Сookie файлдарын пайдалдануcookie

Біздің онлайн қызметтерімізді көрсету кезінде cookie файлдары мен пайдаланушыларды қадағалау механизмдері пайдаланылуы мүмкін. Cookie файлдары - біздің онлайн қызметтерімізге кірген кезде құрылғыңызда сақталатын шағын мәтіндік файлдар. Қадағалауды басқа технологиялар арқылы да жасауға болады. Атап айтқанда, біз ақпаратты пикселдік технологияны пайдалана отырып және/немесе тіркеу журналы файлдарын талдау кезінде өңдейміз.

4.1 · Санаттар

Біз онлайн сервситің қалыпты техникалық жұмысы үшін міндетті түрде қажет cookie файлдары мен онлайн сервистің жұмыс істеуі үшін міндетті емес cookie файлдары мен қадағалау механизмдерін ажыратамыз.

Жалпы, техникалық тұрғыдан қызметтің жұмысын қамтамасыз етуге арналмаған қандай да бір cookie файлдарынсыз онлайн сервисті пайдалануға болады.

4.1.1 · Техникалық қажетті cookie файлдары

Техникалық талап етілетін cookie файлдары деп біз онсыз онлайн сервистің жұмысының техникалық қамтамасыз етілуіне кепілдік беріле алмайтын cookie файлдарын түсінеміз. Оларға, мысалы, бейне немесе аудио материалды үзіліссіз ойнатуды қамтамасыз ету үшін деректерді сақтайтын cookie файлдары жатады

Мұндай cookie файлдар сіз веб-сайттан кеткен кезде жойылады.

4.1.2 · Техникалық тұрғыдан міндетті емес cookie файлдары мен қадағалау механизмдері

Біз маркетингтік cookie файлдарын және қадағалау механизмдерін қолданамыз. Біз оларды әрбір жеке жағдайда бұған келісіміңізді берген жағдайда ғана пайдаланамыз:

Жалпы мәліметтер

Маркетингтік cookie файлдары мен қадағалау механизмдерін пайдалану арқылы біз және біздің серіктестер сіздің пайдаланушылық мінез-құлқыңызды талдау арқылы қызығушылықтарыңызға негізделген ұсыныстарды көрсете аламыз:

  • Статистика:
    Статистикалық құралдарды пайдалана отырып, біз, мысалы, сіз қараған парақтар санын есептейміз.
  • Конверсияларды қадағалау:
    Біздің сайтымызға тиісті серіктестің жарнамасы арқылы кірген болсаңыз, конверсиядарды қадағалау бойынша серіктестеріміз компьютеріңізге cookie файлын («конверсиялық cookie файлы») сақтайды. Әдетте, бұл cookie файлдары 30 күннен астам әрекет етпейді. Егер сіз біздің веб-сайтымыздың белгілі бір беттеріне кірсеңіз және cookie файлы әлі де белсенді болса, біз және конверсиядарды қадағалау бойынша тиісті серіктестеріміз белгілі бір пайдаланушының жарнамалық хабарламаны басқандығын және ол арқылы біздің сайтқа қайта бағытталғанын анықтай аламыз. Конверсиялық cookie файлы арқылы алынған ақпарат тиісті жарнаманы басқан және конверсияларды қадағалау тегімен сайтқа қайта бағытталған пайдаланушылардың жалпы санын тіркеу және өткендері бойынша статистикасын жинауға қызмет етеді.
  • Әлеуметтік желілердің плагиндері:
    Біздің онлайн сервисіміздің кейбір беттерінде cookie файлдары мен белсенді модульдерді де пайдалануы мүмкін басқа провайдерлердің (мысалы, Facebook, Twitter) мазмұны мен қызметтері бар. Әлеуметтік желілер плагиндері туралы толық ақпаратты «Әлеуметтік желілер плагиндері» бөлімінде табуға болады (7-тармақты қараңыз).

Бұл құралдарды пайдалану Жалпы деректерді қорғау регламентіне сәйкес деректерді қорғаудың жеткілікті деңгейі жоқ ЕЭА тыс орналасқан алушыларға деректеріңізді беруді қамтуы мүмкін екенін ескеріңіз (мысалы, АҚШ). Толығырақ ақпарат алу үшін жеке маркетинг құралдарының келесі сипаттамасын қараңыз:

  • Атауы: Google Analytics
    Провайдер: Google Inc. компаниясы, орналасқан мекенжайы: АҚШ, 94043, Калифорния штаты, Маунтин-Вью қ., Парквей амфитеатры 1600.
    Функциясы: Пайдаланушының мінез-құлқын талдау (бет қарауы, сайтқа кірушілер мен сайтқа кіру саны, жүктеп алулар саны), жүйеге кірген Google пайдаланушыларының бірнеше құрылғыларынан алынған ақпарат негізінде пайдаланушы бейінінің бүркеншік атын жасау (құрылғылар арасындағы қадағалау), бүркеншік атпен пайдаланушылар деректерін Google ұсынған мақсатты топ туралы ақпаратпен байыту, ретаргетинг, UX тестілеуі, Google Ads-пен бірлесіп конверсияларды қадағалау және ретаргетинг
  • Атауы: Google Tag Manager
    Провайдер: Google Inc., орналасқан мекенжайы: АҚШ, 94043, Калифорния штаты, Маунтин-Вью қ., Парквей амфитеатры 1600.
    Функциясы: Сайттың тегтеріне пайдаланушы интерфейсі арқылы әкімшілік ету, біздің сайттардағы бағдарламалық кодтарды біріктіру
  • Атауы: Google Ads
    Провайдер: Google Inc., орналасқан мекенжайы: АҚШ, 94043, Калифорния штаты, Маунтин-Вью қ., Парквей амфитеатры 1600.
    Функциясы: Жарнама орналастыру, ремаркетинг, конверсияларды қадағалау
    Толығырақ ақпарат мына адрес бойынша қолжетімді:https://adssettings.google.com/authenticated

4.2 · Сookie файлдарын және қадағалау механизмдерін басқару

Сіз браузердегі cookie файлдарының өз баптауларыңызды және қадағалау механизмдерін және/немесе біздің құпиялылық баптауларды басқара аласыз.

Ескертпе: Сіз орнатқан баптаулар әр нақты жағдайда қолданылатын браузерге ғана қатысты болады.

4.2.1 · Барлық cookie файлдарын белсенсіз ету

Егер сіз барлық cookie файлдарын белсенсіз еткіңіз келсе - браузеріңіздің баптауларында белсенсіз етуді жүзеге асырыңыз. Бұл веб-сайттың функционалдылығына әсер ете алатынына назар аударыңыз.

4.2.2 · Техникалық тұрғыдан қажет етілмейтін cookie файлдары мен қадағалау механизмдеріне қатысты баптауларыңызды басқару

Біздің сайттарға кірген кезде сіз біздің қандай да бір маркетингтік cookie файлдарын немесе қадағалау механизмдерін пайдалануымызға келісесіз бе деген сұрақ қойылады.

Біздің құпиялылық баптауларда сіз келешекте өз келісіміңізді кері қайтара аласыз немесе кейінірек келісім бере аласыз.

 

5. Google іздестіру жүйесі

5.1 · Google Maps қолданбалар кешені

Бұл бет қолданбаның бағдарламалық интерфейсі арқылы Google Maps картография сервисін қолданады. Провайдері - Google ЖШҚ, орналасқан мекенжайы: АҚШ, 94043, Калифорния штаты, Маунтин-Вью қ., Парквей амфитеатры 1600.

Google Maps сервисінің функцияларын қолдану үшін сіздің IP-адресіңіздің сақталғаны қажет. Бұл ақпарат АҚШ-тағы Google ЖШҚ серверіне беріледі де, сонда сақталады. Бұл беттің иесі осы деректер тапсырылуына ешқандай жолмен әсер ете алмайды.

Google Maps қолдану біздің онлайн-ұсыныстарды тартымдырақ етеді және біз сайтта көрсететін жерлер туралы ақпаратты жеңіл алып шығуды қамтамасыз етеді. Бұл Жалпы деректерді қорғау регламентінің 1-бөлімі 6-бабын түсіну бойынша біздің тарапымыздан басым заңды мүддені білдіреді.

Пайдаланушылардың деректерін қолдану бойынша толығырақ ақпарат Google компаниясының құпиялылық саясатында бар:
https://www.google.de/intl/de/policies/privacy/.

5.2 · Google ұсынған web-қаріптер

Бұл сайт Google ЖШҚ ұсынған web-қаріптер дегенді қолданады, орналасқан мекенжайы: АҚШ, 94043, Калифорния штаты, Маунтин-Вью қ., Парквей амфитеатры 1600. Бұл қаріптер көрінуінің біркелкілігі үшін жасалады. Бетке кірген кезде браузер мәтіндер мен қаріптерді дұрыс көрсету үшін қажетті web-қаріптерді кэш-жадысына жүктейді.

Ол үшін сіз қолданатын браузер Google серверлеріне қосылуы тиіс. Бұл ретте Google компаниясы біздің веб-сайтқа қол жеткізу сіздің IP-адресіңізден жасалғаны туралы хабарлама алады. Google ұсынған web-қаріптерді қолдану біздің онлайн-ұсыныстардың біркелкілігін және тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл Жалпы деректерді қорғау регламентінің 1-бөлімі 6-бабын түсіну бойынша біздің тарапымыздан басым заңды мүддені білдіреді.

Егер сіздің браузеріңіз web-қаріптерді қолдамаса, компьютеріңіз стандартты қаріп көрсетіп тұрады.

Google ұсынған web-қаріптер туралы толығырақ ақпараты мына сілтеме бойынша табуға болады:https://developers.google.com/fonts/faq, ал Google ЖШҚ құпиялылық саясатын мұнда табуға болады: https://www.google.de/intl/de/policies/privacy/.

6. Microsoft Azure мазмұн жеткізу желісі

Веб-сайтты жүктеу уақытын оңтайландыру үшін біз Azure (CDN) мазмұн жеткізу желісінің қызметтерін пайдаланамыз. Жеткізушілері - Microsoft корпорациясы, One Microsoft Way, Редмонд, Вашингтон 98052-6399, АҚШ және Microsoft Ireland Operations Limited, One Microsoft Place, Оңтүстік округтің бизнес-паркі, Леопардстаун, Дублин 18 D18, Ирландия.

CDN бізге мазмұнды, әсіресе графика, мәтін немесе скрипттер сияқты үлкен медиа файлдарды географиялық бөлінген серверлер желісі арқылы жылдамырақ жеткізуге көмектеседі, осылайша жүктеу уақытын қысқартады.

CDN қызметтерін пайдалану Жалпы дербес деректерді қорғау регламентінің 6-бабы 1-тармағы f тармақшасын түсіну бойынша біздің тарапымыздан басым заңды мүддені білдіреді.

Осы өңдеудің аясында дербес деректер АҚШ-қа тапсырылады. Тапсыру Microsoft компаниясы ұсынатын қызметтері үшін еуропалық деректерді қорғау заңының сақталуына кепілдік беретін еуропалық стандартты шарттық ережелерге негізделген.

Microsoft корпорациясының CDN қызметтерінің құпиялылық талаптары туралы қосымша ақпарат мұнда қолжетімді: https://azure.microsoft.com/en-us/support/legal/. Microsoft құпиялылық саясатымен мұнда танысуға болады:https://privacy.microsoft.com/en-us/privacystatement.

.

  

7. Әлеуметтік желілердің плагиндері

Онлайн-ұсынысымызда біз әртүрлі әлеуметтік желілердің плагиндерін қолданамыз; олардың әрқайсысы осы бөлімде бөлек сипатталған.

Плагинді пайдаланған кезде сіздің Интернет-браузеріңіз тиісті әлеуметтік желінің серверімен тікелей байланыс орнатады. Осылайша, провайдер сіздің Интернет-браузеріңіз құрылғының экранында біздің онлайн-ұсыныстың тиісті бетін көрсеткені туралы ақпаратты алады, тіпті сізде осы провайдерде пайдаланушы аккаунтыңыз болмаса немесе осы сәтте сіз осы провайдер арқылы жүйеге кірмеген болсаңыз да. Тіркеу журналы файлдары (соның ішінде IP-адрестер) бұл жағдайда Интернет-браузеріңізден тікелей тиісті провайдердің серверіне тапсырылады, мұнда олар қажет болған жағдайда сақталады. Провайдердің бас кеңсесі немесе оның сервері ЕО немесе ЕЭА аумағынан тыс жерде орналасуы мүмкін (мысалы, АҚШ-та).

Плагиндер әлеуметтік желілер провайдерлерінің тәуелсіз қашықтағы түйіндері болып табылады. Сондықтан біз әлеуметтік желілер провайдерлері плагиндер арқылы жинайтын және сақтайтын деректер көлеміне ешқандай әсер ете алмаймыз.

Деректерді жинау мақсатын, жиналған деректердің көлемін және әлеуметтік желінің деректерді одан әрі өңдеуі туралы ақпаратты, сондай-ақ осыған қатысты құқықтарыңызды және деректеріңізді қорғауды қамтамасыз ету үшін баптауларды орнату нұсқаларын тиісті әлеуметтік желінің деректерді қорғау хабарламаларынан табуға болады.

Егер сіз олардың провайдерлерінің осы онлайн-ұсынысқа қатысты деректерді алуын немесе осы деректерді пайдалануды жалғастыруын қаламасаңыз, әлеуметтік желілер плагиндерін пайдаланбаған жөн.

7.1 · 2 рет басу арқылы белсендірілетін әлеуметтік желілер плагиндері

2 рет басу арқылы белсендіру деп аталатын әрекеттің арқасында біздің сайттарға кіргеніңізді әлеуметтік желілер провайдерлері стандартты ретінде тіркеп, бағалағанынан қорғаймыз. Мұндай плагиндері бар Интернет-ұсынысымыздың бетіне сіз кірген кезде олар бастапқыда белсенсіз етілген болады. Бетте орналастырылған тиісті батырманы басқанша дейін плагиндер белсенді болмайды.

7.2 · Facebook әлеуметтік желісінің плагині

Facebook әлеуметтік желісі www.facebook.com сайты арқылы Facebook Inc. компаниясымен ұсынылады, орналасқан мекенжайы: АҚШ, 94304, Калифорния штаты, Пало-Алто қ., 1601 С. Калифорния авеню, сондай-ақ www.facebook.de сайты арқылы Facebook Ireland Limited компаниясымен ұсынылады, орналасқан мекенжайы: Ирландия, Дублин қ., 2 5-7 Гановер Ки, Гановер Рич (бұдан әрі «Facebook» деп аталады). Facebook әлеуметтік желісінің плагиндері мен олардың кескіндері туралы жалпы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады:https://developers.facebook.com/docs/plugins/?locale=en_EN; Facebook желісінде деректерді қорғау туралы ақпарат мұнда бар: http://www.facebook.com/policy.

7.3 · Twitter әлеуметтік желісінің плагині

Twitter әлеуметтік желісі Twitter Inc. компаниясымен ұсынылады, орналасқан мекенжайы: бұдан әрі АҚШ, 94103, Калифорния штаты, Сан-Франциско қ., 1355 Маркет Ст., 900-кеңсе (бұдан әрі «Twitter» деп аталады). Twitter әлеуметтік желісінің плагиндері мен олардың кескіндері туралы жалпы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады: https://developer.twitter.com/; Twitter желісінде деректерді қорғау туралы ақпарат мұнда бар:https://twitter.com/de/privacy.

7.4 · LinkedIn әлеуметтік желісінің плагині

LinkedIn әлеуметтік желісі LinkedIn Corporation компаниясымен ұсынылады, орналасқан мекенжайы: АҚШ, 94043, Калифорния штаты, Маунтин-Вью қ., Стирлин Корт 2029 (бұдан әрі «LinkedIn» деп аталады). LinkedIn әлеуметтік желісінің плагиндері мен олардың кескіндері туралы жалпы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады:https://developer.linkedin.com/plugins; LinkedIn желісінде деректерді қорғау туралы ақпарат мұнда бар: https://www.linkedin.com/legal/privacy-policy.

 

8. YouTube бейнехостингі

Бұл онлайн-ұсыныс YouTube ЖШҚ ұсынатын бейнеплатформасын қолданады, орналасқан мекенжайы: АҚШ, 94066, Калифорния штаты, Сан-Бруно қ., Черри Авеню 901 (бұдан әрі «YouTube» деп аталады). YouTube – аудио- және бейнефайлдарды ойнатуға мүмкіндік беретін платформа.

Ұсынысымыздың тиісті бетіне кірсеңіз, оған кіріктірілген YouTube ойнатқышы бейне немесе аудиофайлды тапсыру мен ойнатуды қамтамасыз ету үшін YouTube платформасымен байланыс орнатады. Бұл процесс барысында сіздің деректеріңіз де жауапты тұлға ретінде YouTube платформасына тапсырылады. Біз YouTube платформасының бұл деректерді өңдеуіне жауапты емеспіз.

Деректердің көлеміне және осы деректерді жинау мақсатына, YouTube платформасының деректеріңізді кейіннен өңдеуіне және пайдалануына, сондай-ақ құқықтарыңыз бен таңдауға берілетін деректеріңізді қорғау нұсқалары туралы ақпаратты YouTube бейнехостингінің құпиялылық саясатынан табуға болады.

 

9. Сыртқы сілтемелер

Біздің онлайн ұсынысымызда бізбен ешқандай байланысы жоқ үшінші тараптардың - провайдерлердің Интернет-сайттарына сілтемелер болуы мүмкін. Сілтемені басқаннан кейін біз сілтеме бойынша өткеннен кейін үшінші тарапқа тапсырылған кез келген дербес деректерді жинауға, өңдеуге және пайдалануға бұдан былай ешқандай әсер ете алмаймыз (мысалы, сілтеме орналастырылған сайттың IP-адресі немесе URL-адресі), себебі, біз анық себептермен үшінші тұлғалардың жүріс-тұрысын бақыламаймыз. Біз үшінші тұлғалардың мұндай дербес деректерді өңдеуіне жауапты емеспіз.

 

10. Қауіпсіздік қызметі

Біздің қызметкерлер мен біз уәкілеттік берген компаниялар – қызмет жеткізушілері деректердің құпиялылығын сақтауға және қолданыстағы деректерді қорғау заңдарының талаптарын орындауға міндетті.

Біз деректерді қорғаудың тиісті стандартын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ біз басқаратын деректеріңізді, әсіресе байқаусызда немесе заңсыз жою, жалған жасау, жоғалту, өзгерту немесе рұқсатсыз ашу немесе оларға қол жеткізу тәуекелдерінен қорғау үшін барлық қажетті техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдаймыз. Біздің деректерді қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары технологиялық жетістіктерге сәйкес үнемі жетілдірілуде.

 

11. Пайдаланушының құқықтары

Құқықтарыңызды жүзеге асыру үшін «Байланыс ақпараты» бөлімінде берілген ақпаратты пайдаланыңыз (13-т. қараңыз). Бұл ретте сіздің жеке басыңызды бірегей түрде сәйкестендіруге болатынына көз жеткізіңіз.

11.1 · Ақпарат және қол жеткізу құқығы

Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге қатысты бізден ақпарат алуға құқығыңыз бар. Олар өңделіп жатқан жағдайда, сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізуге құқығыңыз бар.

11.2 · Деректерді түзету және жою құқығы

Сіз бізден жалған деректерді түзетуді және заңды талаптар орындалған жағдайда деректеріңізді толықтыруды немесе жоюды талап ете аласыз.

Бұл шоттар ұсыну немесе есепке алу үшін қажет немесе заңмен белгіленген сақтау мерзіміне жататын деректерге қолданылмайды. Мұндай деректерге қол жеткізу талап етілмейтіндіктен, оларды өңдеу шектеледі (төменде қараңыз).

11.3 · Деректерді өңдеуді шектеу

Заңды талаптар орындалған жағдайда сіз бізден деректеріңізді өңдеуді шектеуді талап ете аласыз.

11.4 · Деректерді тасымалдау мүмкіндігі

Заңды талаптар орындалған жағдайда бізге берген деректеріңіздің құрылымдалған, кеңінен қолданылатын және машинада оқылатын пішімде алынуын немесе, егер техникалық мүмкін болса, деректерді үшінші тарапқа тапсыруды сұрауға құқығыңыз бар.

11.5 · Тыйым салу құқығы

11.5.1 · Тікелей маркетинг мақсаттары үшін деректерді өңдеуге тыйым салу

Сонымен қатар, сіз кез келген уақытта дербес деректеріңізді коммерциялық мақсатта өңдеуге қарсылық білдіре аласыз. Сіз бас тартқаннан кейін деректеріңіз біраз уақыт бойы ағымдағы жарнамалық науқанның шеңберінде пайдаланылуы мүмкін екенін ескеріңіз.

11.5.2 · Қуыным талапқа байланысты тыйым салу құқығы

Сонымен қатар, сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге кез келген уақытта қарсылық білдіруге құқығыңыз бар, себебі бұл «заңды мүддеге» негізделген. Осыдан кейін біз сіздің құқықтарыңызды жоққа шығаратын заңды талаптарға сәйкес бұлтартпас заңды негіздер көрсетпесек, деректеріңізді өңдеуді тоқтатамыз.

11.6 · Қайтару құқығы

Деректеріңізді өңдеуге келісім берген жағдайда, сіз болашақта күшіне енетін осы келісімді кез келген уақытта қайтаруға құқығыңыз бар. Қайтарылғанға дейін деректерді өңдеудің заңдылығы өзгерілмей қалады.

11.7 · Қадағалау органдарына жүгіну құқығы

Сіздің дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың орындалуын қадағалау органына шағым беруге құқығыңыз бар. Мұны істеу үшін федеративті мемлекеттегі тұрғылықты жеріңізге құзыреті тарайтын дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың орындалуын қадағалау органына немесе қызметі біздің Компаниялар тобына қатысты дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың орындалуын қадағалау органына жүгінуіңіз болады. Бұл:

Деректерді қорғау және ақпарат бостандығы жөніндегі мемлекеттік уәкіл

Мекенжайы:
Кенингштрассе 10a
70173 Штутгарт
ГЕРМАНИЯ

Пошталық мекенжайы:
Postfach 10 29 32
70025 Штутгарт
ГЕРМАНИЯ

Телефон: +49 711 6155 41-0
Факс: +49 711 6155 41-15
Электрондық адресіpoststelle@lfdi.bwl.de

12. Деректерді қорғау саясатын өзгерту

Біз деректердің қауіпсіздігі және оларды қорғауды қамтамасыз ету шараларымызға өзгертулер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз. Бұл жағдайда біз деректерді қорғау саясатымызға тиісті өзгерістер енгіземіз. Сондықтан, осы саясаттың ағымдағы нұсқасына назар аударыңыз, себебі ол өзгертілуі мүмкін.

13. Байланыс ақпарат

Егер бізбен байланысқыңыз келсе, «Контроллер» бөлімінде көрсетілген адресті қараңыз (2-т. қараңыз).

Өз құқықтарыңызды қорғау және деректерді қорғауға қатысты оқыс оқиға туралы хабарлау қажет болған жағдайда, келесі сілтеме бойынша өтіңіз:
https://www.bkms-system.net/bkwebanon/report/clientInfo?cin=18rbds19&language=eng.

Дербес деректеріңізді өңдеуге қатысты ұсыныстарыңыз немесе шағымдарыңыз болса, деректерді қорғау жөніндегі маманға хабарласуды ұсынамыз:

 

Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау бөлімі (C/ISP)
«Роберт Бош» ЖШҚ
141400
Химки қ., Вашутинское тас жолы 24
Ресей Федерациясы

Электрондық адресі:WOM.RBRU/DSO@bcn.bosch.com

Немесе мына адрес бойынша электрондық хат жіберіңіз: DPO@bosch.com