Негізгі мазмұнға өтіңіз
Қазақстандағы Bosch
Тарих

Басталуы 1886–1905 жж.

1886 жылдың қарашасында Роберт Бош Штутгарттың батыс бөлігінде өзінің шеберханасын ашты, онда алдымен бір механик пен бір көмекші шебер жұмыс істеді.

Bosch компаниясы қалыптасуындағы алғашқы қадамдар: тәуелсіздікке қадам, автомобиль нарығына, Германиядан тыс нарықтарға шығу және жаппай өндіріске көшу.

Жоғары бағытталған қисықтардың суреті, бір адам (Роберт Бош) солармен шыңға қарай жүріп бара жатыр.

Компанияның құрылуы

Роберт Бош өз жолын шәкірт және көмекші шебер ретінде бастады, бұл оның бойында бизнеспен айналысу және өзіне жұмыс істеу деген құштарлықты оятты. 1886 жылы ол Штутгартта «Дәл механика және электротехника шеберханасын» құрды. Алғашқы жылдар өрлеу мен құлдыраумен өтті, тек 1890 жылдардың ортасында ғана компания қарқынды дами бастады.

1886 жылдың қарашасында Роберт Бош Штутгарттың батыс бөлігінде өзінің шеберханасын ашты, онда алдымен бір механик пен бір көмекші шебер жұмыс істеді.
1886 жылдың қарашасында Роберт Бош Штутгарттың батыс бөлігінде өзінің шеберханасын ашты, онда алдымен бір механик пен бір көмекші шебер жұмыс істеді.
Клиенттер артқы аулада орналасқан шеберхананы таба алсын деп, 1890 жылы Бош өз компаниясының логотипін іліп қойды.
Клиенттер артқы аулада орналасқан шеберхананы таба алсын деп, 1890 жылы Бош өз компаниясының логотипін іліп қойды.
/

Алғашқы тауарлар мен қызметтер

Сол кезде Роберт Бош кез келген күрделіліктегі жұмыстарды істей беретін. Мысалы, электр және механикалық құрылғыларды жөндеу, телефон жүйелері мен электр қоңырауларын орнату. Одан қолданыстағы құрылымына сәйкес стационарлық қозғалтқыштың магнетодан тұтандырғыш құрылғысын құрастыруды сұрағанда, ол оны жетілдірді және осылайша магнетодан оталдыру құрылғыларын шығаруға негіз әзірледі.

1896 жылы Бош өзінің клиенттерінің біріне су деңгейінің қашықтағы индикаторын орнатуға ұсыныс берді.
1896 жылы Бош өзінің клиенттерінің біріне су деңгейінің қашықтағы индикаторын орнатуға ұсыныс берді.
Су деңгейінің көрсеткіштерін айтарлықтай үлкен аралыққа жіберу үшін, су деңгейінің қашықтағы индикаторының байланыс механизмі дәл жасалуды қажет етті.
Су деңгейінің көрсеткіштерін айтарлықтай үлкен аралыққа жіберу үшін, су деңгейінің қашықтағы индикаторының байланыс механизмі дәл жасалуды қажет етті.
Алғашқы екі онжылдықтың ішінде Бош шеберханасында зағип жандарға арналған бірнеше жазу машинасы шығарылды.
Алғашқы екі онжылдықтың ішінде Бош шеберханасында зағип жандарға арналған бірнеше жазу машинасы шығарылды.
/
Магнетодан оталдыру құрылғылары технологиясының дамуын көрсететін сурет.

Барлығын бастаған ұшқын – магнетодан оталдыру құрылғысы

1897 жылдан бастап Bosch компаниясы автомобильдерге жақсартылған магнетодан оталдыру құрылғыларын орнатуды бастап, шын мәнінде сенімді оталдыру жүйелерінің жалғыз жеткізушісі болды. 1902 жылы Bosch бас инженері Готтлоб Хонольд ең жақсы шешімді – оталдыру білтелері бар жоғары кернеудегі магнетодан оталдыру жүйесін жүйесін ұсынды. Бұл өнім Bosch компаниясына автомобиль бөлшектерінің әлемдегі жетекші жеткізушісі болуға мүмкіндік жасады.

1887 жылы төмен кернеудегі магнетодан оталдыру құрылғысының өндірісі Bosch отын қоспаларының тұтану үдерістерін зерттей бастағанын көрсетті.
1887 жылы төмен кернеудегі магнетодан оталдыру құрылғысының өндірісі Bosch отын қоспаларының тұтану үдерістерін зерттей бастағанын көрсетті.
Магнетодан оталдыру құрылғысы 1897 жылы da Dion Bouton компаниясының үш дөңгелекті автомобильдерінде алғаш рет қолданылды. Өнім жақсы жұмыс істегеніне көп уақыт пен күш қажет болды.
Магнетодан оталдыру құрылғысы 1897 жылы da Dion Bouton компаниясының үш дөңгелекті автомобильдерінде алғаш рет қолданылды. Өнім жақсы жұмыс істегеніне көп уақыт пен күш қажет болды.
Компанияның автомобиль жеткізушісі ретіндегі елеулі табысы Bosch 1902 жылы патент алған жоғары кернеудегі магнетодан оталдыру жүйесінен келді.
Компанияның автомобиль жеткізушісі ретіндегі елеулі табысы Bosch 1902 жылы патент алған жоғары кернеудегі магнетодан оталдыру жүйесінен келді.
Bosch оталдыру білтелері бар алғашқы жоғары кернеудегі магнетодан оталдыру жүйесі, Hdh типтегі (1902ж.).
Bosch оталдыру білтелері бар алғашқы жоғары кернеудегі магнетодан оталдыру жүйесі, Hdh типтегі (1902ж.).
/

Готтлоб Хонольд

Фото: Готтлоб Хонольд (1901 ж.))

Интуициясы дамыған бас өнертапқыш

«Хонольд жаңа құрылғыны аяқтап, оны өндіріске тапсырған кезде, Bosch компаниясында дүрлікпе туындады, бұл ақыр соңында дайын өнімді жасауға әкелді».

Осылайша Роберт Бош бір кездері оның шәкірті ретінде жұмыс істей бастаған бас инженеріне құрмет көрсетті. Магнетодан оталдыру жүйесінен басқа, ол Bosch өнімдерінің түржинағына кіретін жарықтандыру жүйелерінде, стартерлерде және рупорларында жұмыс істеді. Готлоб Хонольд 1923 жылы қайтыс болды.

Фото: Готтлоб Хонольд (1901 г.)

Алғашқы өндіріс

Бош өндірісті кеңейту туралы шешім қабылдағанға дейін бірнеше рет көшкен болатын. Бастапқыда ол бір немесе бірнеше қабатты жалға бергісі келді, бірақ олай болмады. Керісінше, 1901 жылы салынған Bosch өндірістік алаңы айналадағы ғимараттарды қосып, кеңейе берді.

Толығымен темірбетоннан салынған зауыттың 1900 жылғы бірінші ғимараты Ренессанс стиліндегі қасбетіне қарамастан заманауи болды.
Толығымен темірбетоннан салынған зауыттың 1900 жылғы бірінші ғимараты Ренессанс стиліндегі қасбетіне қарамастан заманауи болды.
Бірнеше Bosch қызметкерлері 1901 жылы жаңа зауыттың ішкі ауласының баспалдақтарына топтық суретке түсу үшін жиналды.
Бірнеше Bosch қызметкерлері 1901 жылы жаңа зауыттың ішкі ауласының баспалдақтарына топтық суретке түсу үшін жиналды.
Bosch қызметкерлері магнетодан оталдыру құрылғыларының шарғыларына сымды қолмен орап жатыр (1900 ж.).
Bosch қызметкерлері магнетодан оталдыру құрылғыларының шарғыларына сымды қолмен орап жатыр (1900 ж.).
Бірнеше жыл ішінде Bosch зауыты кеңейіп, айтарлықтай аумақты ала бастады (1905 ж.).
Бірнеше жыл ішінде Bosch зауыты кеңейіп, айтарлықтай аумақты ала бастады (1905 ж.).
/
Ішінде жолаушылары бар және «Лондон» деп жазылған көше белгісі бар раритеттік автомобильдің суреті.

Бизнесті кеңейту – алғашқы сауда өкілдіктері

Magnetos Simms Bosch компаниясы өзінің алғашқы сауда өкілдігін 1898 жылы Лондондағы Стор Стрит көшесінде ашты. Келесі жылы Парижде тағы бір сауда өкілдігі ашылды.
Magnetos Simms Bosch компаниясы өзінің алғашқы сауда өкілдігін 1898 жылы Лондондағы Стор Стрит көшесінде ашты. Келесі жылы Парижде тағы бір сауда өкілдігі ашылды.

Роберт Бош әрқашан әлемдік нарыққа шығуды армандаған. 1898 жылы Лондонда ағылшын Фредерик Симспен бірге Германиядан тыс жерде Bosch компаниясының бірінші бөлімшесін құрды. Сауда өкілдіктерінің ашылуы бүкіл Еуропа бойынша қарқынды жүреді.

Париждегі магнето - шетелдегі алғашқы өндіріс

Франция Ұлыбританиядан кейінгі автомобильдерді сату бойынша ең ірі еуропалық нарық болды. 1899 жылы Бош осында еншілес компанияны ашты. Париж филиалындағы бизнес өте жақсы дамыды және 1905 жылдан бастап компания өз зауытында өндірілген магнетодан оталдыру жүйелеріне сұранысты қанағаттандыра алды.

Жоғары кедендік баждар мен ұзақ көлік бағдарлары 1905 жылы Парижде Bosch компаниясының өндірісін ашудың себебі болды.
Жоғары кедендік баждар мен ұзақ көлік бағдарлары 1905 жылы Парижде Bosch компаниясының өндірісін ашудың себебі болды.

Автожарыс - алғашқы жарнама

Ғасырдың басында алғашқы ірі халықаралық автомобиль жарыстары өтті, бұл автоөндірушілер мен бөлшектерді жеткізушілерге өз технологияларын көрсетуге мүмкіндік берді. Бельгиялық жарысушы Камиль Женази 1903 жылы Ирландияда өткен Гордон Беннетт кубогында Mercedes автомобилін жеңіске әкелді, бұл бір жағынан ең қатал жағдайларға төтеп бере алатын сенімді Bosch оталдыру жүйесінің арқасында мүмкін болды.

Бельгиялық жарысушы Камиль Женази 1903 жылы Ирландияда Bosch оталдыру жүйесімен жабдықталған Mercedes автомобилін басқарып, Гордон Беннет кубогын жеңіп алды.
Бельгиялық жарысушы Камиль Женази 1903 жылы Ирландияда Bosch оталдыру жүйесімен жабдықталған Mercedes автомобилін басқарып, Гордон Беннет кубогын жеңіп алды.
Сақалы мен шашы сары, желпілдеген қызыл плащ киген Женази жарнамалық бейнеге айналды.Ол «Қызыл шайтан» деген лақап атқа ие болды және 1918 жылға дейін Bosch оталдыру жүйесін жарнамалады.
Сақалы мен шашы сары, желпілдеген қызыл плащ киген Женази жарнамалық бейнеге айналды.Ол «Қызыл шайтан» деген лақап атқа ие болды және 1918 жылға дейін Bosch оталдыру жүйесін жарнамалады.
/