Негізгі мазмұнға өтіңіз
Қазақстандағы Bosch
Bosch компаниясы бүкіл әлем бойынша

Bosch компаниялар тобын шолу

Біздің қызметіміз

Bosch компаниялар тобы технологиялар мен қызметтердің жетекші әлемдік жеткізушісі болып табылады. Компанияда бүкіл әлем бойынша 402 600 жуық қызметкер (2021 ж. 31 желтоқсандағы деректер) жұмыс істейді. 2021 жылы компанияның сатылымдар көлемі 78,7 млрд еуроны құрады. Bosch тобының қызметі төрт бизнес-бағыт бойынша жүргізіледі: Мобильділік бойынша шешімдер, Өнеркәсіптік технологиялар, Тұтыну тауарлары, Құрылыс технологиялары және Энергетика, Bosch, заттар Интернеті саласындағы көшбасшы, парасатты үй, Индустрия 4.0 және Интернетке қосылатын автомобильдер үшін инновациялық амал-тәсілдерді ұсынады. Bosch компаниясы тұрақты, қауіпсіз және қызықты болып табылатын мобильділік тұжырымдамасын ұстанады. Компания клиенттер үшін желілік және көпбейінді шешімдердің жалғыз жеткізушісіне айналу мақсатында сенсорлық технологиялар, бағдарламалық жасақтамалар мен қызмет көрсетулер саласындағы өз тәжірибесі мен білімдерін, сондай-ақ өз бұлт сервисін қолданады. Bosch компаниялар тобының стратегиялық мақсаты адамдардың өмірін құрамында не жасанды зияты бар (ЖЗ), не соның көмегімен әзірленген немесе дайындалған, Интернетке қосылған өнімдермен және шешімдермен қамтамасыз ету болып табылады. Bosch бүкіл әлем бойынша инновациялық өнімдер мен қызметтердің көмегімен өмір сүру сапасын жақсартуда. Bosch компаниясы «өмір сүру үшін жасап шығарылған» технологияларды құрады.

Bosch компаниясына шолу

Сатылымдар көлемдері, қызметкерлердің саны, өкілдіктер – негізгі көрсеткіштерді шолу
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша деректер (мәндері дөңгелектелген)

429 400

бүкіл әлем бойынша қызметкерлер

91,6

млрд еуро – сатылымдар көлемі

90 100

бүкіл әлем бойынша ғылыми қызметкерлер және инженерлер

468

еншілес және аймақтық компаниялары шамамен 60 мемлекетте бар

4,8

млрд еуро - операциялардан EBIT

7,3

млрд еуро зерттеулер мен әзірлемелеге бөлінді

Есептемелер

Осы жерде сіз Bosch компаниясы туралы ақпаратты PDF форматында жүктеп ала аласыз

Bosch туралы материалдар

Бүгінгі Bosch

Корпоративтік кітапша

Bosch компаниясының 2023 ж ішіндегі жылдық есептемесінің материалдары

Жылдық есеп 2023

Біздің жауапкершілік

Біздің қызмет салаларымыз

Меншік құрылымы және ұйымдастыру

Robert Bosch GmbH меншігінің ерекше құрылымы компанияға ұзақ мерзімді перспективаға жоспарлауға және өз болашағын қамтамасыз ету үшін айтарлықтай бастапқы инвестицияларды жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, Bosch тобының кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік береді. Robert Bosch GmbH акционерлік капиталының 94% Robert Bosch Stiftung GmbH қайырымдылық қорының меншігіне жатады. Қалған акциялар Robert Bosch GmbH компаниясына және Бош отбасысының меншігі болып табылатын корпорацияға тиесілі. Негізгі дауыс беру құқығы сондай-ақ кәсіпкерлік меншік функциясын орындайтын Robert Bosch Industrietreuhand KG өнеркәсіптік трестке тиесілі.

  • Robert Bosch GmbH мүшелері. Үлестердің бөлінуі: 1 % — Robert Bosch GmbH, 5 % — ERBO II GmbH/Бош отбасысы, 94 % — Robert Bosch Stiftung GmbH
  • Robert Bosch GmbH мүшелері. Дауыс беру құқығының бөлінуі: 7 % — Бош отбасысы, 93 %–— Robert Bosch Industrietreuhand KG

Robert Bosch Stiftung

Robert Bosch Stiftung әкімшілік ғимараты және Роберт Боштың Штутгарттағы бұрынғы тұрғын үйі

1964 жылы құрылған сәтінен бастап Robert Bosch Stiftung GmbH қоры өзінің негізіг қалаушысының коммерциялық емес бастамасын жалғастырып келе жатыр. Қордың қызметі әлеуметтік проблемалардың тиімді шешімдерін әзірлеуге себепші болады. Ол үшін қор меншікті добаларды іске асырады, серіктестерімен одақтасып іс-қимыл жасайды және үшінші тұлғалардың бастамасына жағдай жасайды. Қордың жұмысы Robert Bosch GmbH қоғамының қатысушысы ретінде алатын дивидендтерінен қаржыландырылады

Bosch-пен байланысу

Сіздің сұрауыңызды асыға күтеміз

Хабарлама жіберу