Негізгі мазмұнға өтіңіз
Қазақстандағы Bosch
Өмір үшін әзірленген

Қазақстандағы Bosch

Bosch компаниялар тобы Қазақстанда 2008 жылдан бері оның еншілес ққрылымы «Роберт Бош» (Robert Bosch) ЖШС-мен ұсынылған. Компания электр құралдары, авто құрамдас бөлшектері, қауіпсіздік жүйелері, жылу және энергия үнемдейтін жабдықтар дистрибуциясы мен сатуын жүзеге асырады. Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттеріндегі Bosch тобының айналымы 2023 қаржы жылында 128,79 млн еуроға жетті. Компания персоналы 92 адамнан тұрады (2024 ж. 1 мамырдағы деректер бойынша)

2014 ж. Қазақстанда Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Моңғолияға қызмет көрсететін дайын өнімнің (электр құралдары) үлкен қоймасы ашылды. 2016 ж. қарашасында «Электр құралдары» бөлімшесінің клиенттермен жұмыс жөніндегі сервистік-консультациялық орталық қызметін бастады. 2018 жылы Bosch компаниялар тобы мерейтойын - Қазақстан нарығындағы өңірлік ұйымның 10 жылдығын атап өтті.

Қазақстандағы Bosch өкілдігі – технологиялар мен қызметтердің жетекші әлемдік жеткізушісі, Bosch компаниялар тобының бөлігі. Bosch тобының стратегиялық мақсаты – Заттар интернеті саласында өнімдер мен қызметтерді жасау. Bosch кең ауқымды мүмкіндіктері мен шабыттандыратын шешімдері бар инновациялық технологияларды әзірлеу арқасында өмір сапасын жақсартады. Bosch «Өмірге арнап әзірленген» технологияларын жасайды.

4

Қазақстандағы негізгі орналасуы

Шабыттандыратын өнімдер мен қызметтер

Жұмыста, үйде немесе автомобильде — Bosch технологиялары күнделікті өмірді жеңілдетеді

Қазақстандағы компания басшылығы

Алексей Марчук

Алексей Марчук
  • «Роберт Бош» (Robert Bosch) ЖШС Бас директоры

2023 жылдың желтоқсанынан бастап Алексей Марчук Орта Азия аймағы үшін жауапкершілікпен, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы «Роберт Бош» (Robert Bosch) ЖШС бас директоры болып табылады.

Алексей Марчук 1978 жылы 24 қарашада Минск қаласында (Беларусь Республикасы) дүниеге келген. Беларусь ұлттық техникалық университетін «Ішкі жану қозғалтқыштары» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Алексей Марчук Bosch компаниялар тобындағы мансабын 2008 жылы бастады.

Компаниядағы мансап кезеңдері:

  • 2023 ж. бастап - «Роберт Бош» (Robert Bosch) ЖШС Бас директоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
  • 2022-2023 – Автомобиль құрамдас бөлшектерін сату жөніндегі аймақтық директор, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы
  • 2018-2022 – Ресей мен ТМД елдеріндегі күш қондырғыларына, коммерциялық автомобильдерге және жол талғамайтын техникаға арналған шешімдерді сату жөніндегі директор, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы
  • 2016-2018 – Беларусь Республикасында автомобиль құрамдас бөлшектерін сату бөлімінің басшысы, Минск қ.
  • 2012-2016 – дизельдік жүйелерді бейімдеу бөлімшесінің басшысы, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы
  • 2008-2012 – дизельдік жүйелерді бейімдеу жөніндегі инженер, Минск қ., Беларусь Республикасы.

Біздің брендтер

Bosch компаниялар тобы жеке нарық талаптарына сәйкес келетін кең ауқымды брендтермен ұсынылған, ал өнімдер мен қызметтері өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

  1. Bosch
  2. Bosch Авто Сервис
  3. Rexroth
  4. Buderus
Роберт Боштың портреті

Біздің тарих

1886 жылы Роберт Бош Штутгартта «Дәл механика және электротехника шеберханасын» құрды. Бұл бүгін бүкіл әлемде жұмыс істейтін Bosch компаниясының дүниеге келуі болды. Ең басынан компанияның ерекше белгілері инновацияларға бағыттану және әлеуметтік жауапкершілік болған.

Bosch-ң Германиядағы Блайхахта орналасқан жерінің жанындағы жылға.

Әлеуметтік жауапкершілік

Біз үшін тұрақты даму дегеніміз – қазіргі және болашақ ұрпақтың өркендеуі байланысты табиғи ресурстарды қорғай отырып, компанияның ұзақ мерзімді табыс нығайту. Осылайша, экологияға деген қамқорлық инновациялардың қозғаушы күші болып табылады. Сонымен қатар, біз компанияның ішінде де, одан тыс жерде де корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетеміз.

Stefan Hartung

Комплаенс

Нормативтік-құқықтық сәйкестік - біздің компания құндылықтарының ажырамас бөлігі. Бүкіл әлем бойынша компаниямыздың өкілдіктері мен серіктестерімізге қолданылатын бизнес жүргізу ережелері біздің компанияны, қызметкерлерді, клиенттерді және серіктестерді қорғауға бағытталған.

Bosch-пен байланысу

Сіздің сұрауыңызды асыға күтеміз

Хабарлама жіберу